Date of publication: 26.06.2019 11:20
Date of changing: 26.06.2019 11:22

2019 жылдың 24 маусымында Алматы облысы бойынша МКД "Достық" станциясында "Достық" кедені "Теміржол" кеден бекетінің басшылығы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ" Достық аймақтық учаскесінің қызметкерлерінің, шекарадағы бақылау органдарының кеден өкілдерінің және қызметкерлерінің қатысуымен Кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Семинар қатысушыларына "Достық" кеденінің "Теміржол" кеден бекетінде кедендік процедураны жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпарат жеткізілді, атап айтқанда ЕАЭО аумағына жүк келген кезде "ішкі тұтыну үшін шығару" рәсімі бойынша тауарды кедендік тазарту. Бұл жағдайда жүкті толық кедендік тазарту кезінде СЭҚ қатысушылары тауарды коммерциялық мақсаттарда одан әрі пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл ретте шекарадағы тауарды кедендік тазарту СЭҚ қатысушыларына жүкті УСҚ-ға тауарларды орналастырмай, одан әрі өз қоймаларында орналастыруға мүмкіндік береді, бұл әкелінетін тауардың құнын едәуір арзандатады және тасымалдау уақытын азайтады.