
«Алтынкөл» кеден бекетінде декларацияланбаған ақша қаражатын әкетудің ірі партиясы анықталды
2019 жылдың 15 маусымында сағат 12.00-де Алматы облысы бойынша МКД "Алтынкөл" кеден бекетінің Қорғас "ШЫХО" БӨП-де Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына шығу кезінде, кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында кеден қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ және Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп, қол жүгінде белгіленген нысанда декларацияланбаған шетел валютасындағы ақша қаражатын алып жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстады.
Кедендік тексеру барысында Б. азаматшасында 30 000 АҚШ доллары көлемінде белгіленген нысанда декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты анықталды, ал О. азаматшасында белгіленген нысанда декларацияланбаған 20 000 АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша қаражаты анықталды.
Кедендік шекара арқылы өткізу кезінде ақша қаражаты туралы ауызша да, жазбаша да нысанда мәлімделмеген. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.