Date of publication: 14.06.2019 11:07
Date of changing: 14.06.2019 11:15

2019 жылдың 13 маусымында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде "Нұр жолы" кеден және логистика бойынша уәкілетті экономикалық операторлар одағы өкілдерінің және СЭҚ қатысушыларының қатысуымен мәжіліс өтті.

Мәжілісті Департамент басшысы Т. К. Сәрсембаев ашты, ол кеңесті өткізу мақсаты - өзара іс-қимыл, ынтымақтастығы және бірлескен жұмыс мәселелерін талқылау екенін атап өтті. Департамент қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Мәселен, мемлекеттік кірістер органдары тарапынан кедендік әкімшілендіруді күшейту бойынша кең ауқымды іс-шаралар жүргізіледі, оның ішінде дұрыс емес декларациялау тәуекелдеріне жан-жақты талдау жүргізіледі, тәуекелдердің профильдері белсенді жаңартылып, "тәуекелдік" тауарлардың тізбесі кеңейтілуде, кеден бекеттерінде тексеру топтары күшейтілді. СЭҚ-қа қатысушылардың жұмысына жағдай жасау мақсатында мемлекеттік кіріс органдары жосықсыз бәсекелестікті жою, тауарлардың кедендік құнының демпингін жою және осыған байланысты тауар ағындарының көрші Республикаларға көшіп-қонуы бойынша жұмыс жүргізеді, тәуекел профилдерін "ажырату" және СЭҚ-қа адал қатысушыларына қолайлы жағдайлар жасау үшін мүмкіндіктер іздестіріледі. Мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған осы міндеттердің барлығы өзара іс-қимылда орындалуы тиіс деп Т. К. Сәрсембаев атап өтті.

Мәжілісте 2019 жылға арналған салықтық және кедендік әкімшілендіру есебінен салықтар мен кедендік төлемдердің қосымша түсімдері бойынша ҚР ҚМ МКК жоспарының орындалуы, сондай-ақ кедендік құнды бақылау және тауарларды декларациялау кезінде мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын және КТС толық төленуін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Л.С.Айтахунова және Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Г.Ж.Оразов баяндама жасады.

Мәжілісті қорытындылай келе, Департамент басшысы Т.К.Сәрсембаев қатысушыларға алғысын білдіріп, салық және кеден төлемдері бойынша 2019 жылға арналған жоспар-тапсырманы орындауға белсенді қатысуды сұрады және Департамент әрқашан ашық диалогқа дайын екенін атап өтті.