Date of publication: 12.06.2019 15:58
Date of changing: 12.06.2019 15:59

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша

"Бірыңғай терезе" порталы

 

Сауда рәсімдерін нақты жеңілдету үшін кез келген Үкімет қызметінің басым бағыттарының бірі Кедендік процесстерді барынша автоматтандыру болып табылады.

Осы мақсатта ҚР Қаржы министрлігі экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесін енгізді.

"Бірыңғай терезе" порталының көмегімен СЭҚ қатысушылары экспорттық-импорттық операцияларды жасау үшін қажетті ақпаратты бірыңғай кіру нүктесі арқылы стандартталған түрде бере алады.  Сонымен қатар, портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті ақпаратты алдын ала алуға мүмкіндік береді.

"Бірыңғай терезе" порталы 13 ақпараттық ресурстарды біріктірді, олардың мәліметтері кедендік операцияларды жүргізу үшін қажетті ақпаратты алу үшін қажет.

Енгізілген “Біртұтас терезе”   сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (СЭҚҚ) әр түрлі органдардан  құжаттармен рұқсаттарды жинамауға  жағдай жасаған. Авторизация жасап, бір портал арқылы электрондық түрде көрсетілетін қызметтерді алу ғана жеткілікті болады.

Осыған байланысты СЭҚ қатысушылары портал мүмкіндіктерін пайдалану үшін порталда өзін-өзі тіркеуден өтуі қажет.

"Бірыңғай терезе" порталының жұмысымен мына мекен-жай бойынша танысуға болады: eokno.gov.kz (немесе sw.gov.kz).

Telegram-да "Бірыңғай терезе" порталының жұмыс мәселелері бойынша қолдауды қамтамасыз ету үшін топ құрылды, оған  https://t.me/eoknokz сілтемесі бойынша қосылуға болады.

Тіркеу мәселесі және Дүниежүзілік Банктің сауалнамасын толтыру бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне келесі телефондары арқылы хабарласа аласыз: 8(7172)70-20-95, 8(7172)71-82-76.