
Мобильді топ Еуразия экономикалық одағы шеңберінде тауарлардың ауыстырылуына бақылау жүргізеді
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне және төмендетілген кедендік баж қолданылатын тауарларға қатысты бақылау және есеп жүргізу бойынша міндеттемелердің қабылдауына байланысты мобильді топ құрылды.
Мобильді топ жол полициясы органдарымен бірге Еуразия экономикалық одағы шеңберінде импорттық және экспорттық тауарлардың ауыстырылуына бақылау және мониторинг жүргізеді.