
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енді.
Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылдың 01 қазаны жағдайына 5 176,0 млн. теңге салық берешегі бар Алматы облысының 9 608 шағын және орта бизнес субъектілері салықтық рақымшылыққа жатады.
Есептен шығарылатын өсімпұлдардың жалпы сомасы - 1 507,9 млн. теңге, айыппұлдар - 102,7 млн. теңге, ол 3 565,4 млн. теңге сомасында негізгі қарызды төлеу шартында есептен шығарылады.
2019 жылдың 01 маусымы жағдайына 4 720 салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 524,6 млн. теңге бересіні өтеп, 104,7 млн. теңге сомасына өсімпұлдар және 21,3 млн. теңге айыппұлдар есептен шығарылды.