
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы еңбек сіңірген қызметкер, салық қызметінің үздігі Хрокала Вера Петровнаны зейнетке шығарып салды.
Еңбек жолын 1978 жылы Кербұлақ аудандық қаржы басқармасының аға экономисі болып бастады. Салық қызметінің құрылуына байланысты 1990 жылы Кербұлақ ауданы бойынша салық инспекциясына, ал 2002 жылы Алматы облысы бойынша Салық комитетіне ауысып, осы жерде құрметті демалысқа шыққанынша жұмысын атқарды.
41 жыл еліне шексіз қызмет етіп, мамандық пен таңдаған ісіне адалдық танытты.
Осы уақыт ішінде ол еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген жас, білікті мамандардғп тәлімгер болды.
Әріптесін құттықтай отырып, Департамент басшысы Т. Сәрсембаев салық қызметін дамыту ісінде сіңірген еңбегін, облыс экономикасының дамуына қосқан үлесін атап өтті, оның адами қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеті, мақсаттылығы, әріптестеріне деген ықыласы мен құрметін бағалады. Құттықтап, оған денсаулық, бақыт және игілік тіледі.
Жақсы қасиеттерін, жұмысқа деген ынтасын әріптестері де айтып, ойларымен бөлісіп тілектерін білдірді.