
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Радиациялық бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында «Алтынкөл» кеден бекетінде оқыту өткізілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне (бұдан әрі-МКД) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) АҚШ Энергетика министрлігінің ядролық қауіпсіздігі бойынша Ұлттық әкімшілігінің «Ядролық контрабанданы тауып алу және болдырмау» Бағдарламасы бөлімімен («Екінші сызық қорғауы») бірге қосыла, «Радиациялық бақылауды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Алтынкөл» кеден бекетінде МКД лауазымды қызметкерлерінің оқуы өтті.
Іс-шараны ұйымдастыру және нұсқаушы ретінде шыққандар:
- ОӘО Оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Малдыбаева Замира Айдарбековна;
- ОӘО Бастапқы даярлық бөлімінің бас маманы Айтжанов Дюсенали Айтжанович;
- Түркістан облысы бойынша МКД-ның Кедендік инфроқұрылым және интеграциялық бақылау бөлімінің бас маманы Калшабеков Жайсар Нурлибаевич.
Қарсы алу сөзімен Алматы облысы бойынша МКД-ның Кедендік инфроқұрылым және интеграциялық бақылау бөлімінің басшысы Окенов Нариман Тлеугабылович тыңдаушылардың алдына шықты.
Теориялық оқыту бекітілген бағдарламаға сәйкес, практикалық оқу жұмыстары «Хоргос-ШмЫХО» (жолаушы және автомобильдік өткізу пункті) және «Алтынкөл» кеден бекетінің «Алтынкөл-ТЖ» (жүк өткізу пункті) «Янтарь» радиациялық порталды монитордың жанында өтті.
2019 жылдың 20-24 мамыр аралығында 14 қызметкер біліктілігін жоғарлатты және де 27-31 мамыр аралығында МКД-ның 18 лауазымды тұлғасы дәріс алды.
Оқыту кезінде радиацияның негізі, радиациялық бақылау жүйесімен танысу және қолдану тақырыбы қаралды, сонымен бірге күнделікті жұмыста кездесетін мәселелер қозғалды.
Бағдарламаға сәйкес алдын-ала және қорытынды білімдерін тексеру тест түрінде өтіп, тыңдаушылар білімін жоғарғы деңгейде көрсетті. Сонымен қатар жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша тыңдаушылар іс-шараның жоғарғы деңгейде өткенін белгілеп, келешекте осындай курстардың болғанын қалады.
Курс аяқталған соң Алматы облысы бойынша МКД-ның «Алтынкөл» кеден бекетінің және «Достык» кеденінің 32 қызметкерлеріне біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар ұсынылды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)