Date of publication: 27.05.2019 12:32
Date of changing: 27.05.2019 17:18

Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 762 «Өзбекстан Республикасының кедендік аймағына келген тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайтыландыру шаралары туралы» қаулысы бойынша, автотасымалдаушылар немесе тауарлардың иелері және тауарларға өкілеттігі бар тұлғалар, тауарлар мен көлік құралдарына сәйкес алдын-ала ақпаратты  Мемлекеттік кеден комитетінің кеден органдары ақпараттық жүйесіне (www.customs.uz раздел «Электронные услуги») немесе мемлекеттік интерактивтік қызмет көрсету бірыңғай порталына жолдауына болады. Ақпаратты автокөлік құралы Өзбекстан Республикасының кедендік аймағы арқылы өтуіне дейін бір сағат ерте ұсыну қажет.

 

Сонымен бірге, алдын-ала ақпаратта келесі мәліметтерді көрсету қажет:

  • көлік құралының түрі;
  • тасымалдаушының мекенжайы, атауы және елі;
  • көлік құралы туралы келесі мәліметтер ұсынылады (автокөлік құралдарымен тасымалдау кезінде оның тіркеу нөмірі, тіркеу елі және автокөлік құралының сәйкестендіру нөмірі (VIN);
  • тауарлардың жөнелтілген елі мен атауы;
  • тауарларды алушының атауы мен елі;
  • тауарлар алушының мекенжайы мен СТН (транзитте қажет емес);
  • тауарлардың атауы, салмағы мен бағасы;
  • тауарлардың кодтарын сипаттаудың  үйлестірілген жүйесі бойынша тауардың 6 белгіден кем емес коды (СЭҚ ТН коды), (транзитте – рұқсат құжаттары қажеттілігі керек тауарлар бойынша);
  • рұқсат құжаттары бойынша мәлімет;
  • Өзбекстан Республикасының кедендік аймағына келу (жоспарланған) уақыты;
  • 1975 жылғы ХЖТ кітапшаларын қолдану арқылы халықаралық жүк тасымалдау Кедендік конвенциясына сәйкес ХЖТ кітапшасының нөмірі;
  • Инвойс пен көлік құжаттарының нөмірі мен берілген күні.

Осыған орай, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік кедендік комитеті кедендік шекара арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары бойынша алдын-ала ақпаратты кеден органдарына уақтылы және дұрыс ұсынуын сұрайды.