"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 157-бабына сәйкес салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру актісін жасағанға дейін салық төлеушіге алдын ала салықтық тексеру актісін тапсырады.
Салықтық тексерудің алдын ала актісі деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексеруші жасаған салықтық тексерудің алдын ала нәтижелері туралы жасалған құжат болып түсініледі.
Бұл ретте салық төлеуші алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен салық төлеушіге алдын ала салықтық тексеру актісін тапсыру, алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық беру, мұндай қарсылықты қарау, сондай-ақ оларға қатысты алдын ала салықтық тексеру актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілердің санаттары қағидалары мен мерзімдері бекітілді.
Салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар:
1) салық мониторингіне жататын салық төлеушілерге;
2) инвестициялық келісім-шарттар жасасқан салық төлеушілерге;
3) салық төлеушілерге жасалған алдын-ала салық тексеру актілерінде, қосымша есептелген салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді есептеу, ұстап қалу, аудару, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу, аударымдар және (немесе) жарналар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қолданыстағы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына сәйкес 20 000 - еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын болса,
Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін тапсыру ережелері мен мерзіміне сәйкес салық төлеушіге салықтық тексеру жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын алдын ала актісіне қол қойғызып, жеке табыс етіледі. Алдын ала актімен бір мезгілде салық кодексінің 146-бабының 4-тармағына сәйкес салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабарлама табыс етіледі.
Алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органына келу тәртібімен алдын ала салықтық тексеру актісі тапсырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде табыс етіледі.
Мемлекеттік кіріс органы салық төлеушіден алдын ала актісі бойынша жазбаша қарсылық алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Салық тексеруін жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің қарсылықтарымен келіспеген жағдайда, Мемлекеттік кірістер органы Жоғары тұрған орган - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне салық төлеушінің жазбаша қарсылығын қоса бере отырып, сауалдама жібереді.