Date of publication: 17.05.2019 18:29
Date of changing: 17.05.2019 18:49

Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салыну жүйесі

2019 жылдың 02 сәуіріндегі өзгерістерімен Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мүгедектер жұмыс істейтін ұйымдарға мынадай салықтық жеңілдіктер көзделген.

 Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің) 290 бабының 2 тармағына және 3 тармағының 1 және 2 тармақшаларына сәйкес, өтеусіз алынған мүлік және депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табыстарды ескере отырып, осындай қызметтен түскен табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын жағдайда (салық кезеңінде мүгедектердің орташа саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайтын балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі ұйымдардың шығыстары қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайтын ұйымдар (мамандандырылған ұйымдарында есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айырылған кемінде 35 пайыз жұмыс істейтін мүгедектер) еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардан әлеуметтік саласында  қызметті жүзеге асыратын ұйымдарына корпоративтік табыс салығымен салық салынбайды.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 394 бабының 11 тармағына сәйкес, егер өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ алдыңғы төрт салық кезеңінде келесі шарттардың бірі сақталса:

мүгедектердің орташа саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайтын жағдайда;

мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда – кемінде 35 пайызын) құрайтын жағдайда  тауарларды сату, жұмыстарды жүргізу, қызмет көрсету бойынша айналымдар (акцизделетін тауарларды өткізу бойынша айналымдардан басқа) қосымша құн салығынан  босатылады. 

Тірек-қимыл аппараты бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мүгедектер, сондай-ақ салық кезеңінде мүгедектердің саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайтын; салық кезеңі үшін мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар Салық кодексінің 290 бабының 3 тармағында көрсетілген еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда-кемінде 35 пайызын) құрайтын (ҚР Салық кодексінің 482 бабының 2 тармағының 2 тармақшасы) мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты төлеуден босатылады.

Салық кодексінің 346 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, I, II, III топтағы мүгедектер бойынша жеке тұлғаның салық салуға жататын табыстарынан жеке табыс салығын есептеу кезінде, бір жылғы табыстар республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының басында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген ең төменгі мөлшері шегінде алып тасталады.