Date of publication: 23.12.2015 18:49
Date of changing: 23.12.2015 18:50

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы ұтысының жеңімпаздары анықталды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының қорытынды ұтысы өткізілді. Басты сыйлық Chevrolet маркалы автомобилі және 3 ынталандыру сыйлығы - 100, 200, 300 мың теңгеге сертификат 124 финалист арасында ойнатылды.
Ұтыстың қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлықтардың бақытты иегерлері:
100 мың теңге сомасындағы сертификат:
Иманқұлова Арайлым Өтегенқызы (Қостанай облысы);
200 мың теңге сомасындағы сертификат:
Сабыржанова Мереке Сабыржанқызы (Атырау облысы);
300 мың теңге сомасындағы сертификат:
- Шаймукаева Айсара Бекежанқызы (Алматы облысы)7
Басты сыйлық - Chevrolet маркалы автомобилінің иегері Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Мусин Әлібек Қуатұлы.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰҚП қолдауымен ағымдағы жылғы 1 сәуірден 30 қараша аралығында республика бойынша өткізілген болатын. ‪#‎KGDMFRK