
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы № 121-VI Қазақстан Республикасы Заңының 48 бабына сәйкес патент бойынша келесі тәртіп орнатылды.
2020 жылдың 1 қаңтарына дейін патент құнына енгізілетін жеке табыс салығының сомасын есептеу сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға салық салу объектісін қоспағанда, салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.
Сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер 1 пайыздық ставка бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен алынатын кірістерді қоспағанда, салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен патент құнына енгізілетін жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
Сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығының әртүрлі ставкалары бойынша салық салынатын кірістердің бөлек есебін жүргізеді. Бұл ретте есепке алынған табыстар қолмақол ақшасыз есеп айырысу жолымен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық тіркелімінде жүргізіледі, бастапқы құжаттардың негізінде банк шоттарынан үзінділерін қоса алғанда".