
Салықтық және кедендік әкімшілендіруді күшейту 2018 жылға мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуын 2017 жылға қарағанда 68,1 млрд.теңгеге немесе 21,4% өсіммен 103,2% - ға қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. (2017ж. - 318,6 млрд.теңге, 2018ж.- 386,7 млрд.теңге).
Жоғары нәтижелерге қол жеткізуге жүргізілген үлкен талдау жұмысының нәтижелері және салық пен кеден заңнамасын сақтау заңдылығының бақылау-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру ықпал етті.
Осылайша, салық және кеден төлемдерін төлеуден жалтарудың анықтау схемаларының нәтижелері, кедендік тексеру жүргізудің тиімділігін күшейту және көлік заңнамасын сақтау кедендік төлемдер бойынша түсімдерді үш есе немесе 30,0 млрд.теңгеге ұлғайюына әкелді. (факті бойынша 2018ж. - 44,1 млрд.теңге, 2017ж. - 14,1 млрд.теңге).
Жеке тұлғалар бойынша тауарлық кіріс ордерлерін рәсімдеуді алты есе немесе 3 891 бірлікке ұлғайту (2017 ж. - 757 ЖТ, 2018ж.- 4 648 ЖТ) және олар бойынша 12,2 есе немесе 126,1 млн. теңгеге өндіріп алу (2018ж. - 137,4 млн.теңге, 2017ж. - 11,3 млн.теңге).
Жыл басымен салыстырғанда берешек сомасы 3,4 млрд. теңгеге немесе 43 %-ға (01.01.2018 ж. берешек сомасы - 7 910 млн. теңге, ал 01.01.2019 ж. - 4,5 млрд. теңге), ал берешегі бар салық төлеушілердің саны 72,6 мыңға немесе 37% - ға төмендетілді, оның ішінде 2,2 мың - заңды тұлғалар, 70,4 мың - жеке тұлғалар.
2019 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 78,8 млрд. теңге түсіп 16,5 млрд. теңгеге өсім қамтамасыз етілді, жоспар 108%-ға орындалды. Осылайша, жоспарланған 72,9 млрд. теңгеден 78,7 млрд теңге түсуі қамтамасыз етілді немесе 5,8 млрд. теңгеге артық түсті.
Мемлекеттік кірістер департаменті алдағы уақытта да мемлекеттік бюджет жоспарын орындау бойынша қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін тиімді салықтық және кедендік бақылаудың барлық шараларын қабылдайды.