
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акцияның бас жүлдесін ойнату 2015 жылдың 23 желтоқсанда Астана қаласында өткізіледі
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акцияның бас жүлдесін ойнату бейнеконференция арқылы Астана қаласында 2015 жылдың 23 желтоқсанында сағат 15-00-ге жоспаралануда. Акцияны өткізу бағадарламасында келесілер қарастырылған:
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының бас жүлдесі Chevrolet маркалы автокөлігі табысталатын жеңімпазды анықтау.
Акцияға қатысушылар арасында жұбату жүлдесінің иегерін анықтау.
Бас жүлде Chevrolet маркалы автокөлік және жұбату жүлделері ойнатылымға дейін Астана қаласында болатынына назар аударамыз.
Бас жүлде және жұбату жүлделері иегерлері анықталған соң тиісті жергілікті МКД-ға жолданып ұтып алушыға табысталады.
Ойналым нәтижелері туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК-нің және Департаменттердің ғаламтор-ресурстарында жарияланады.