Date of publication: 18.12.2015 11:43
Date of changing: 18.12.2015 11:45

 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Тәуелсіздік күні мерекеленді.

 

Талдықорғанда Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ.Исақов: «Бұл күн мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Қазақстан өзінің тәуелсізідігінің азғандай ғана тарихи кезеңінде өзінің әр тәуелсіз жылдығына жаңа жетістіктермен келеді. Президент бастамасымен үстіміздегі жыл да Қазақстан үшін бірнеше реформалардың жүзеге асырылуымен есте қалатын кезең болады. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің үшінші онжылдығында өз алдында мемлекетіміздің дамуының ұзақ мерзімдегі келешегін айқындайтын үлкен мақсаттар қойып отыр. Бізде алдымыздағы жолымызды негіздейтін нақты бағдарымыз бар. Әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттер қатарына қосылуға мүмкіндік туғызатын еліміздің политикалық курсі анықталған. Бұл - қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарына жол көрсететін стратегиялық бағдар болып табылады.

Сіздерді шын жүректен  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен  құттықтап, шаңырақтарыңыз тек қана шаттық пен қуанышқа толы болсын деймін! Сіздерге игілік, бақыт және сүйіспеншілік тілеймін. Біздің Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін!» - деп құттықтады.

Сонымен қатар, дәстүр бойынша, мемлекеттік мерекемізді тойлау барысында МКД басшысы қызметте өздерінің біліктілігін көрсете білген бір қатар қызметкерлерді марапаттады:

-         Бекмурзин Елтай Азатұлы;

-         Мырзахметов Шыңғыс Меңлібайұлы; 

-         Рустам Жолдасұлы;

-         Қабдрахманов Мақсат Рахымділдәұлы;

-         Қалибаева Бархыт Елбайқызы;

-         Байқаш Әсем Тұрарбекқызы;

-         Юпов Бауыржан Тойшибекұлы;

-         Қасымбаев Қанат Қайырқанұлы;

-         Қорабаеава Гульмира Болатқызы;

-         Иманқұлова Мадина Райкульевна;

-         Қосалиев Дархан Орынбасарұлы;

-         Абуов Қуат Сарсенұлы;

-         Ли Игорь Иннокентьевич ;

-         Ақымбек Асқар Әлханұлы;

-         Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы;

-         Бакиров Бахытжан Ануарбекұлы.