Date of publication: 28.02.2019 18:20
Date of changing: 28.02.2019 18:34

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы Т. З. Байғұлов Алматы облысы бойынша жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына барды.

Т. Байғұлов Ақпаратты қабылдау өңдеу орталығында салық төлеушілерге қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Бұл кедергісіз қызмет көрсету әдісі, электронды кезек, ыңғайлы және үлкен күту залы, жеке "салық төлеушінің» терминалы.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де жағдайлар қарастырылған. Мысалы, арбалы мүгедектер үшін пандустар жабдықталған және шақыру кнопкалары орнатылған, кіре берісте Брайль мәтіні бар ақпарат орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету үшін жеке үстел қарастырылған.

Ақпаратты қабылдау өңдеу орталығының залында салық төлеушілерді басшының өзімен қабылдау үшін жеке орын бөлінген, бұл өзара қарым-қатынаста ашықтыққа және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сапар қорытындысы бойынша Т. Байғұлов басқарада жүргізгіліп жатқан жұмысына оң баға берді.