Date of publication: 21.02.2019 15:50
Date of changing: 21.02.2019 15:55

Назар аударыңыздар «Оңалту рәсімі»

Кредиторларға, кәсіпорынның басшылары және заңды түлғаларға !!!

 

      Қазақстан Республикасы «Оналту және банкроттық» заңнамасынына сәйкес  кәсіпорындарды банкрот деп тану рәсімінен басқа төлем қабылеті төмен кәсіпорындар бойынша оңалту рәсімі қарастырылған.

      Оңалту рәсімі, төлем қабылеттілігін қалпына келтіру рәсімі болып табылады, және ол мысалы кәсіпорынның кәсіпқойлық менеджментінің жоқтығына  байланысты төлем қабылетсіздігі пайда болған жағдайда кәсіпорынды «құтқару» болып табылады. Бұл төлем қабылетсіздігі төмен борышкерге таратудан құтылуға, кредиторларға өздерінің талаптарын толық алуға жақсы балама болады.

       Оңалту рәсімінің ең маңызды міндеті кәсіпорынның төлем қабылеттілігін сақтап қалпына келтіру, кредиторлардың қарыздарын төлеп және тұрғындарды жұмыспен қамтып, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу.

13.02.2019 жылы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Алматы облысы әкімінің орынбасары Тұяқов Ж.Ш. бірге Алматы облысында оңалту рәсіміндегі кәсіпорындармен төлем қабылетін қалыпқа келтіру мақсатында жиналыс өткізілді.      

 Оңалту рәсімінің  ерекшешілігі, осы рәсімнің енгізілгенінен бастап борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есепке жазу тоқтатылады. Кәсіпорынның барлық берешегі оңалту жоспарындағы бекітілген кесте бойынша өзіне және кредиторларға ыңғайлы мерзімінде өтеледі.

        Оңалту рәсімін қолдану кәсіпорынның нақты төлем қабылеттіллігін қалпына келтіру негізі болып табылады. Барлық борышкердің кредиторлық берешегі кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен бастап Қазақстан Республикасы «Оналту және банкроттық» Заңына сәйкес есеп ережесі және кезек бойынша өтеледі.

          Кейбір шарттардың орындалуына байланысты оңалту рәсімі Қазақстан Республикасы банкроттығының тиімді институты болып табылады. Осы рәсім бизнестің, өндірістің пайдалығын және жұмыс орындарын сақтау мәселесін  жоғары деңгейде шеше алады.

 

       Оңалту рәсімін енгізу туралы туындаған сұрақтар бойынша толық мәліметті осы  мекен-жай бойынша Алматы облысы мемлекеттік кірістер Департаменіне жүгінуге болады: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 113, 326  кабинет, телефон 24-19-85.