
Мүлік жарияланды
2015 жылдың 4 желтоқсаны жағдайы бойынша Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан мүлікті жариялаудан мемлекеттік кірістер органдарына 108,2 млн.теңге сомасына 1 өтініш түсті.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ораналасқан мүлікті жариялау бойынша жергілікті орындау органдары комиссиясы барысында: мүлікті жариялауға жалпы сомасы 192 780,4 млн.теңгені құрайтын 24 452 өтініш түсті. Олардан, мүлікті жариялауға 24 541 жылжымайтын мүлік нысаны 192 560,5 млн.теңгеге өтінуде (оның ішінде тұрғын нысаны – 23 488, тұрғын емес – 1 053), заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесін заңдастыру үшін 219,9 млн.теңге сомасына 1 өтініш түсті.
Қазіргі таңда 11 718 нысаны 86 216,3 млн.теңге сомасына жарияланып, 1 281 нысаны бойынша (оның ішінде жарғылық капиталындағы үлес 1 қыркүйектен кейін алынған себебі бойынша) жалпы сомасы 10 521,5 млн.теңгені құрайтын 1 254 өтініш қайтарылды.
2015 жылдың 13 қарашасындағы № 400-V ЗРК “Мүліктерін жариялауға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларды амнистиялау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ақтілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 13 қарашасындағы № 400-V ЗРК Заңына сәйкес амнистия 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.