Date of publication: 02.12.2015 16:20
Date of changing: 03.12.2015 12:29

Ішкі қауіпсіздік басқармасымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қарсы және олардың алдын алу бойынша мәжіліс жүргізілді.

 

2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2015-2017 жж. ҚР ҚМ-нің іс-шаралар Жоспарын орындау барысында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен, 2015 жылғы қараша айының 9 мен 20-сы аралығында мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарында және Департамент қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қарсы және олардың алдын алу бойынша және заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлігінде мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша мәжіліс жүргізілді.

         Департаменттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне өз міндеттерін мүлтіксіз және адал орындауға,  қызметтік этика және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың барлық нысандарына қарсы шығуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыста мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының белсенді қатысуына көрсетілген.

         Департаменттің аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының барлығында сыбайлас жемқорлықтың белгісі бар ақпараттар орын алған жағдайда, лауазымды тұлғалар тарапынан бопсалау және басқа да заңсыз іс-қимылдар айғақтары орын алған жағдайда, оларды айқындайтын арнайы ақпарат тақталары құрылған, Алматы облысы бойынша МКД ішкі қауіпсіздік басқармасына  8(727) 389-53-08, 8(727) 251-71-06 телефондары арқылы хабарласуларыңыз қажет.

 

Алматы облысы бойынша МКД ІҚБ