Date of publication: 10.01.2019 16:11
Date of changing: 23.01.2019 15:13

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 341 - бабының 1-тармағы 49) тармақшасымен толықтырылатыны туралы назарларыңызға жеткізеді: жеке тұлғаның табысынан: 49) қызметкердің салық салынатын табысы-осындай табыс сомасының 90 пайызы мөлшерінде алынып тасталады. Осы тармақшаның ережесі қызметкердің республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын табысына қолданылады.

2019 жылға арналған төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығының есебін қарастырайық.

Мысалы, жалақысы айына 63 125 теңге (25 айлық есептік көрсеткіш 2525 теңгеден). Бұл сомадан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы шегеріледі, яғни 6313 теңге, қалады – 56 812 теңге. Бір ең төменгі жалақы шегеріледі – ең төменгі салық салынбайтын кіріс – 42 500 теңге. Осы сомадан қалған 14312 теңге – салық салынатын табыс болып саналады.

Қолданыстағы механизм бойынша салық салынатын табыс сомасы 90% - ға азайтылады, яғни 14 312 теңге сомасынан 12 881 теңге азаяды. Айырмашылық 1 431 теңге құрайды. Осы сомаға жеке табыс салығының 10% - ы мөлшерінде жеке табыс салығы салынатын болады. Осылайша, 1 431 теңге сомасынан төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығы 143 теңгені құрайды.