
Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында "Салықшы сағаты"өтті.
Салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерінің кездесуі белсенді жағдайда өтті, салықтық рақымшылық жасау, электрондық шот-фактуралар, мүлік табысы, виртуалды қойма, ҚҚС ставкалары және т. б. көптеген сұрақтар көтерілді.
Бас мамандар А. Әлішеров пен Ш. Қалибекова сұрақтарға жауап беріп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген кейбір заң нормалары бойынша түсініктемелер берді.
Бұл іс-шара 2018 жылдың наурыз айында іске асырылды, оның аясында әр айдың екінші сәрсенбісінде кәсіпкерлер палатасында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық салу мәселелері бойынша кәсіпкерлерді қабылдап, кеңес береді.