
БКМ жаңа әдіспен қолдану тәртібіне толығымен және уақытылы ауысуы үшін, 2015 жылдың 24 қарашасында семинар өткізілді
Салық кодексінің 645 бабының 1 тармағына сәйкес, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргізілетін нормасы күшіне енді.
Осыған орай, БКМ жаңа әдіспен қолдану тәртібіне толығымен және уақытылы ауысуы үшін, 2015 жылдың 24 қарашасында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментында салық төлеушілерге семинар өткізілді.
Семинар жұмысына департаменттің профилдік басқармалардың қызметкерлері, «Қазақтелеком» АҚ филиалының заң бөлімінің бастығы А.Ерназаров, техникалық қызмет көрсету орталықтарының «Сервисно-производственное объеденение «Ока» ЖШС бастығы Пшеничный П.М, «Элькам» ЖШС бастығының орынбасары Климов Д.А, «@SOFT» ЖШС бастығы Скворцова М.С қатысты.
«Қазақтелеком» АҚ өкілі А.Ерназаров өз баяндамасында Интернет жүйесінің қолжетімдік қызметіне келісім-шарт жасау тәртібі, телекоммуникациялық байланысқа қосылудың техникалық шарттарын, клиенттермен есеп айырысу жөнінде айтты.
Техникалық қызмет көрсету орталықтардың өкілдері сатудағы бар БКМ моделдерін, сатып алатын шарттарын, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуін, бағасын айтып өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бөлімінің басшысы Л.Оразбекова салық төлеушілерді жүйенің жұмыс жасау принциптерімен, статистикалық мәліметтермен таныстырды.
Семинар барысында салық төлеушілер өз сұрақтарына компетентті жауаптар алды.
Семинарды қорытындай келе, түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Н.Абдуллина келген салық төлеушілерге семинарға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, аталған жаңа норма бақылауды кірістер органдары жағынан да кәсіпкерлер жағынан да күшейтеді: өздерінің табысын кассалық аппарат қастарында болмаса да онлайн-режимде қадағалай алады деді.
БКМ қолдану заң түрінде қабылданды, сондықтан да оны орындау қажет. Кеңес, сұрақтар туындаған жағдайда жергілікті кірістер басқармаларына жүгінуге болады. Бұдан басқа, қажетті мәліметті www.oofd.kz веб-порталынан алуға болады.