
Балаларымызға өз жылулығымызды және қамқорлығымызды неғұрлым жиі сыйласақ, соғұрлым олар осы әлемге қайырлы бола алады және жігерге, батылдыққа, өмір сүруге талпынысқа ие болады.
Жаңа жыл қарсаңында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Құмарбекұлы Нұрланбаев Талдықорған қаласындағы 6-18 жас аралығындағы 97 бала тұратын "Айналайын" балалар үйіне барды. Балалар қонақтарды ән билерімен қарсы алды.
Өз кезегінде Е. Нұрланбаев балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға денсаулық, жақсы көңіл-күй, оқуда табыс тіледі!