Date of publication: 27.12.2018 12:45
Date of changing: 27.12.2018 12:46

Департаментте салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында күн тәртібінің барлық мәселелері қаралды.

Сонымен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушінің Blockchain технологиясын қолдана отырып, ҚҚС сомасы бойынша ақша қозғалысын бөлек есепке алу үшін пайдаланылатын жеке банктік шот - ҚҚС бақылау шотын ашуына қатысты норма енгізілді.

Сондай-ақ, бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізіледі.

Осы жаңа енгізілімдер туралы түсіндіру жұмысы және жанама салықтарды әкімшілендіру басқармаларының басшылары Н. Абдуллина және А. Өзбеков мәлімдеді.

Салық берешегі жалпы елдің қаржы ресурстарының көлемін және әлеуметтік бағдарламаларды шешу мүмкіндігін шектейтін теріс экономикалық фактор болып табылады.

Сондықтан, салық берешегін өндіріп алу біздің қызметіміздің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Бұл жұмыс бағыты туралы берешекпен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Болат Темірханұлы баяндады.

Көліктегі және логистикадағы сандық шешімдерді дамыту-Мемлекет басшысы алдымызға қоятын басты міндеттердің бірі.

Кедендік әкімшілендіруді жетілдірудегі неғұрлым өзекті электронды декларациялауды енгізу болып табылады. Осы мақсатта халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес "АСТАНА-1"АЖ енгізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту бойынша қойылған міндеттерді толық шешуге мүмкіндік беретін "Нұр Жолы" өткізу пункті ашылды.

Жүйенің артықшылықтары мен жұмысы туралы және "Нұр жолы" өткізу пунктінің жұмысы туралы Кедендік бақылау бөлімінің басшысы Ғ. Ж. Оразов баяндады.

Сондай – ақ, Консультативтік кеңес барысында "Қорғас-Шығыс қақпасы "АЭА ҰҚ"АҚ-мен келіп түскен сұрақтарға түсініктеме берілді.

Отырыс соңында басшының орынбасары С. Дынбаев спикерлерге мазмұнды баяндамалары үшін алғысын білдіріп, барлық қатысушыларға алғысын білдірді және Департамент қызметінің саласына қатысты мәселелерді қарауға әрдайым дайын екендігін атап өтті, сондай-ақ қатысушыларды Консультативтік кеңестің барынша өзекті мәселелерді шешуде мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырды.