Құрметті кәсіпкерлер!
Облыстың Іле ауданында және Қапшағай қаласында ҚР ІІМ қылмыстық-түзету жүйелері департаментінің (ҚАЖД) түзету мекемелері орналасуда.
Сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін мекемелерде өндірістер ұйымдастырылған (тігін, тоқыма, аяқ киім цехтары; ет және балық, құрғақ жеміс консервілерінің өндірісі, кір сабын және кір жуу ұнтақтарының өндірісі, тасөңдеу және электр қозғалтқыштарын, металл бұйымдарын келептеу, ағаш шеберлігі цехы). Маусым кезінде шлакоблок, жиектас, басқа құрылыс материалдарының түрлері және аббатандыру үшін өзге де бұйымдарды шығару бойынша цехтар жұмыс істейді.
Келесідей өнімдердің түрлері шығарылады:
-төсек орын заттары, арнайы киімдер (медицина, қызмет көрсету, өнеркәсіп кәсіпорындары және ұлттық компанияларға арналған, т.б.), балаларға арналған киімдер, матрастар, жастықтар, тері бұйымдары.
- кеңсе, мектеп, балалар жихаздары, ағаш және металдан жасалған кереуеттер, есік және терезе блоктары және т.б.)
- жылыту пештері, қоқыс урналары, шарбақтар, қоршаулар, қақпалар, балалар алаңының жинақтары, әткеншектер, қоқысқа арналған контейнерлер, баспалдақтар және т.б.)
- тротуар тақтасы, брусчатка, мрамордан, граниттен, қаптырма тастардан жасалған бұйымдар.
Тапсырыстардың аз болуына байланысты спецконтингент толығымен тартылмаған. Цехтардың өндірісітік қуаттылығы, еңбек ресурстарының бар болуы 2-3 ауысымды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ электр-су-жылытумен қамтылған бос алаңдар бар.
Цехтарда тапсырыстарды орналастыру үшін тапсырыс беруші өзінің шикізатымен қамтамасыз етуіне және дайындау сапасын дәл сол жерде бақылауына болады.
Сонымен қатар, құрал – жабдықтар орналастыруға және жана өндірістік цехтарды ашуға түзету мекемелерінің аумағында бос өндірістік аймақтар бар.
ҚАЖД кәсіпкерлер үшін «Ашық есік» күндерін өткізуді жоспарлауда, мекемелерде өндірісті ұйымдастыруға қызығушылық танытқандарға қазіргі таңда жаднамалар дайындалуда.
Жоғарыда айтылғанға сәйкес, аталған мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, мекемелермен ынтымақтастық жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Қосымша ақпарат алу үшін басқарманың өнеркәсіп бөліміне 8 7282 24 13 78, 24 11 26 телефондарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Өз тарапынан Басқарма ұйымдастыру және өзге де мәселелер бойынша жәрдемдесуге дайын екендігін хабарлайды.




























