Date of publication: 21.12.2018 10:45
Date of changing: 21.12.2018 10:45

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды   жүзеге асыратын жекелеген қызмет түрлерін - салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 88-бабының 4-тармағының екінші тармақшасына сәйкес «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде, қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде жүргізілетінін хабарлайды.

Осы хабарлама жеке қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей салық органына ұсынылады.

Қазіргі уақытта жекелеген қызмет түрлерін - уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын және тауарларды электрондық сатуды жүзеге асыратын салық төлеушіретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат БСАЖ АЖ-де, сондай-ақ «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында іске асырылады».