Date of publication: 19.12.2018 17:44
Date of changing: 19.12.2018 17:45

Салық төлеушi салықтық кезең үшiн көлік салығының сомасын өз бетінше есептейдi.

Салық есебінің қолайлылығы мен жылдамдылығы үшін автокөлік иелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс комитетінің сайтында kgd.gov.kz/ru/calc/transports сілтеме бойынша орналасқан калькуляторды пайдалана алады.

Калькулятор кез келген санаттағы көлік үшін салық сомасын есептеуге мүмкіндік береді. Ол үшін параметрлерді енгізу қажет және бірнеше секунд ішінде салық сомасын есептеуге болады. Сонымен қатар, бұл жүйе салық берешегін уақытында өтемеген жағдайда өсім мөлшерін есептей алады.

2018 жылғы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2018 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей күн болып табылады. Салық төлеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

Барлық жеке тұлғаларды өткен жылдың берешегін өтеуге, сондай-ақ 2018 жылға көлік салығын уақтылы төлеуге шақырамыз.

Салық төлеушілерді салық төлеу бойынша орындалмаған салық міндеттемелерінің болуы туралы хабардар ету мақсатында Комитеттің интернет-ресурсында www.kgd.gov.kz және "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" "Электрондық үкімет" порталында электрондық сервисі іске асырылды, ол онлайн-режимде салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.