Date of publication: 17.11.2015 09:25
Date of changing: 19.11.2015 15:58

«Салық сауаттылығының фестивалі» байқауының жеңімпаздарын марапаттау

    

Бүгін 16 қарашада Талдықорған қаласының мектеп арасында «Салық сауаттылығының фестивалі» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өткізілді.

Алматы облысы бойынша салық департаменті оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту үшін  «Салық сауаттылығының фестивалі» байқауын ұйымдастырды. Байқау қазан айының 1-нен 31-не дейін жүргізілді.

Фестивальге қатысушыларға, қарапайым және түсінікті түрде, яғни салық не үшін керек, және де, оларды не үшін төлеу қажет деген сұрақтарға жауап беруде, өз түсініктерін жазуды ұсынылды.

         Байқау бір-ақ ай жүргізілгеніне қарамастан, мектеп оқушылары белсенділіктерін танытып, өздерінің байқауға қатысуына өз қызуғушылықтарын білдіртті.

Байқаудың ережесі бойынша жеңімпаздар келесі номинацияларда анықталу керек болды. Олар: шығарма және өлең жазу. 11 қарашада, байқаудың әділқазылар алқасының отырысы өткізілді. Әділқазылар алқасы құрамына қалалық білім бөлімінің өкілдері – мектеп ұстаздары және біздің департаменттен мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы кірді. Әділқазылар алқасы байқаудың жеңімпаздарын анықтады.

Жеңімпаздарымыз келесілер:

Өлең жазу номинациясында:

1 орын - құрмет грамотасы марапаттауымен №4 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сіргебаева Айгерімге беріледі;

2 орын - №14 орта мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы Нұрғалиева Ринатаға беріледі.

Шығарма жазу номинациясында:

1 орын - №24 мектеп-лицейінің 8 «Ә» сынып оқушысы Нұрсәт Сәткерімге беріледі.

2 орын - №18 орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушылары Дүйсенбек Арапатқа және Зүлқайнаров Олжасқа  беріледі.

Жүлдегерлерге құрмет грамоталарымен қатар бағалы сыйлықтар, яғни, ноутбуктар мен планшеттер берілді.

         Байқаудың 6 қатысушысы, белсенді қатысуы үшін жұбаныш сыйлықтармен, яғни, ұйялы телефондарымен және алғыс хаттарымен  марапатталды:

№4 орта мектебінің 9 «Ә» сыныбының оқушысы Сарсенғалиев Шыңғыс;

№4 орта мектебінің 5 «Ә» сыныбының оқушысы Берікбол Арна;

№9 орта мектебінің 9 «Ә» сыныбының оқушысы Болат Аружан;

№14 орта мектебінің 8 «Б» сыныбының оқушысы Тасболатова Гүлім;

№14 орта мектебінің 8 «Б» сыныбының оқушысы Қыдырбай Дильназ;

№17 орта мектебінің 7 «Б» сыныбының оқушысы Шабалина Алина.

Департамент басшысы Исаков Құлмұханбет жеңімпаздарымызға сыйлықтарын беріп, оларды шынайы жеңістерімен құттықтап, сабақтарына  табыс тіледі.

Соңында, №4 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сіргебаева Айгерім өзінің өлеңін оқып берді. Байқаудың ең кіші қатысушы 10 жастағы Берікбол Арна өзінің шығармасын оқып берді.