
Жеке тұлғалар Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне мүлік, жер және көлік салықтын есептелуі, төленуі бөлігінде пайда болған қарыздары бойынша және бақылау-кассалық машинасын қолданбауға және чекті ұсынбауға қатысты сұрақтарды жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін "WhatsApp" мессенджері арқылы 8-701-976-67-76 нөміріне қоя алады.
Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы және «Электрондық үкімет» порталы «Салықтық берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы ақпарат» электронды сервисі арқылы онлайн режимінде ЖСН бойынша салықтық берешектің болуы / болмауы туралы ағымдағы ақпаратты алуға болады.
Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет ресурсында сервис («Электрондық сервистар - Экспресс көмек - Электрондық сервистар - «Калькуляторлар» - «Автокөлік салығын есептеу») іске қосылған. Осы сервис арқылы салық төлеушінің ЖСН сәйкес автокөліктерге салық мөлшерін онлайн режимінде алуға болады. Бұл сілтеме арқылы жеке тұлғалар көлік салығының сомасын біле алады. 2018 жылға көлік салығын төлеу мерзімі - 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей. Салықты тұрғылықты жері бойынша төлеу қажет.