Date of publication: 19.11.2018 12:24
Date of changing: 20.11.2018 14:44

«Астана-1» біріңғай ақпараттық жүйе бойынша импорттық операциялар шеңберінде осы жылдың 9 ай ішінде Алматы облысының кеден постарында тауарға 11 мың декларациядан артық өңделді, деп «Хабар 24» хабарлайды. Жасыл коридор арқылы 9 мың, көк – 2 мыңға жуық және қызыл бойынша – 90 декларация өткізілді. Кеден транзитінің процедурасы бойынша «Астана-1» облыс аумағында өткен жылдың қазанында іске қосылды, ал экспорт пен импорт процедуралары бойынша – осы жылы. Бұл жүйе қазір барлық постарда енгізілген, сонымен қатар кедендік бақылауымен айналысатын ведомстволарда. Мамандардың сөздеріне қарағанда, егерде бұрын кеден органдары бірнеше автономдық ақпараттық жүйені қолданса, ал  қазіргі таңда олар бір жүйеге біріктірілетін болады. Жағымды жақтарының ішінде – барлық процесстердің біріңғай технологиялық платформаға интеграциялау, мәліметтерді енгізу мен өңдеудің уақытын қысқарту, бизнес-процесстерді – оңтайландыру, сонымен қатар төлемдер бойынша есеп айырысуларды автоматтандыру. «Астана-1»-де тауарға декларацияны беру процессінің қатысушысымен кеден қызметкелерінің араласусыз-ақ әлемнің кез-келген нүктесінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ ол тауарға қатысты кедендік операцияларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерін қадағалай алады.