
Алкогольдік өнімдердің сатылуын жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын 20 қаңтарға дейін лицензиялық алым толейді
Құрметті салық төлеушілер!
2015 жылдың 1 қаңтарына дейін алкогольдық өнімдердің сатылуын жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар жыл сайын 20 қаңтарға дейін лицензиялық алым төлейді.
Алым әр қызмет нысанына төленіп, көтерме сатушыларға 200 АЕК –ті құрайды, ал бөлшек сатушыларға әкімшілік-аумақтық бірлігіне байланысты сараланады:
ел ордасында, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда - 100 АЕК;
аудандық маңызы бар қалаларда және ауылдарда - 70 АЕК;
ауылдық жерлерде - 30.
Алкогольдік өнімдердің жыл сайынғы лицензиялық алымын төлемей қоймада сақтап немесе сатылуын жүзеге асырған жағдайда 150-ден 700 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны, сонымен қатар лицензияның күшінің тоқтатылуы қарастырылған.