Date of publication: 08.10.2018 19:09
Date of changing: 08.10.2018 19:12

2018 жылғы 3 қазанда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал" акциясының жеңімпаздарының ұтыс ойынын өткізді.

            Үш жеңімпаз электрондық тандау нөмірлері бойынша анықталды                   Мадина ID чегі 7260079, Каламкас ID чегі 7287781 және  Амантай ID чегі 7299020.

            Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жеңімпаздарды анықтаудың ашықтығы мен объективтілігі мақсатында комиссия құрылды, оның құрамына Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.

2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акцияның басталғаны туралы мәлімет үшін хабарлаймыз.

Акцияның негізгі мақсаты - азаматтарды қызмет, тауар, жұмыс тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу және халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру.

Акция электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізілуде. «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды түбіртек фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Ұтыс жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Қаншалықты көп түбіртек жолданса, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де өсе түседі. Ай сайын Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде ұтыс ойыны өткізіледі. Мемлекеттік кірістер департаментімен мамыр-маусым, шілде, тамыз айларындағы ұтыс ойындарының қорытындысы бойынша жеңімпаздары анықталып, олар  бағалы - шаңсорғыш, микротолқынды пеш, мультиқуаншы, электрлік ет тартқыш, блендер, электрлік шайнек, термопот сыйлықтарымен марапатталды. 

Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді,

онда бағалы жүлделер ойнатылады, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

.

Алматы облысының барлық тұрғындарын «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!»  Акциясына белсене қатысуға шақырамыз, Сіз, бағалы жүлделердің, мүмкін болса басты жүлде - автомобильдің иегері де бола аласыз.