
Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымының негізгі үлесі алкоголь өнімдерін сақтау және сату саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілерінен тұрады.
Мұндай кәсіпкерлердең келетін зардап өте үлкен, олар тек елдің экономикасына ғана емес, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Содан да, заңсыз алкоголь өнімін сату мемлекеттік кірістер органдарының ерекше назарында.
Жеке сұрақтар бойынша салықтық тақырыптық тексеру кезінде Карасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері құрамында алкоголь сұйықтығы бар 365 пластикалық бөтелке (5 литрлік арақ) жалпы сомасы 730 000 теңге сомасына сатуға арналған алкоголь өнімдерін анықтаған.
Аталған өнім айналымнан алында, әкімшілік материал құзыры бойынша процессуалдық шешім шығару үшін сот органдарына берілді.