Date of publication: 04.10.2018 12:09
Date of changing: 04.10.2018 12:11

Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды

(05.10.-09.10.2018 ж қоса есептегенде)

       Индекс 041000, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Абылайхан көшесі, 14, анықтама телефоны: 8(72834) 2-14-04, факс 2-17-86, электрондық мекен жайы: Gasanova@taxalmaty.mgd.kz  БСН 020 740 001 551

      

1. Құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің басшысы, (1 бірлік), С-R-3 санаты, ( № 06-1).

Қызметтік міндеттері: Қол астындағы қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Мемлекеттік кіріс басқармасының заңды мүдделері мен құқығын қорғауды жүзеге асыру, прокуратураның ұсынысы бойынша уақытында шаралар қолдануды бақылау.  Құқық түріндегі бұйрық, шешім және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу. Сот тексерулеріне қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, Басқарманың талап-арыз жұмысын өткізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын  бақылау және үйлестіру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, құқықтық білім;

2.      Өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкелерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы, С-R-3 санаты,  1 бірлік,  №05-1( уақытша, негізгі  қызметкердің  бала  күту  демалысы  мерзіміне 16.07.2019 жылға  дейін).

   Қызметтік міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің дұрыс есептелуі,  толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау.Әр табыс көзі бойынша салықтың бюджетке түсуін қамтамасыз ету жөнінде өндірістік емес төлемдер бойынша анықтама, қорытынды және ұсыныстар дайындау, әкімшілік жүргізуді, талдауды және бақылауды жақсарту мақсатында ұсыныстарды өңдеуге қатысу;  өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қарастыратын ҚР салық заңдылығын орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін оқып білу; өндірістік емес төлемдерді жинау үшін әкімшілік тәсілдерді талдау және оны жан-жақты оқып білу; аумақтық Мемлекеттік кіріс басқармалармен бірігіп өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің түсу болжамының орындалуын бақылау, олардың түсу қарқынын қадағалау; өндірістік емес төлемдерді дұрыс есептеуін, толық және мезгілінде бюджетке түсуін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, құқықтық білім;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Min

Max

C-R-3

96607

129920

         C-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкі лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы, не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

         1) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Әңгiмелесу өткiзудiң орны: Қаратал ауданы, Үштөбе  қаласы, Абылайхан  көшесі, 14 үй.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________

__________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)   

 

 

Өтініш

 

         Мені______________________________________________________________
____________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді   сұраймын.          

         Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

       Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________                     Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
___________________________________________________________________________    

 

________                                                                             ______________________________                       қолы                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

 

 

 «___»_______________ 20 __ ж.