
«Соттық кабинет» сервисі
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылдың 27 қазанында сағат 11.00-де «Соттық кабинет» сервисінде жұмыс істеуді үйрену бойынша вебинар өткізді.
Көрсетілген сервис бойынша азаматтық істері мен әкімшілік құқықбұзушылық туралы істері материалдарының сотқа жіберілу мен соттан алыну мүмкіншілігі жүзеге асырылады.
Сервистің қолданушысы болып Сот кабинетінде тіркелген әрбір жеке және заңды тұлға болуы мүмкін.
«Сот кабинетінің» электронды сервисі ғаламторда http://office.sud.kz/ мекен-жайы бойынша орналасқан.
Вебинар барысында сервис қызметін әзірлеушілері кабинетте қалай тіркелуге болатыны, сотқа қалай арыз толтырылатыны жайлы, оларды қабылдауының тәртібі жайлы, сот органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелу мен өңдеу жайлы айтып берді.
Сонымен қатар, вебинар барысында сервистің жұмысына қатысты мәселелер талқыланып, оның жұмысын жақсарту бойынша әр түрлі ұсыныстар айтылды. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы Байқаш Әсем Электронды құжат айналымының біріккен жүйесі және «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарының берілуі қайталанбау мақсатында сервистің жұмысын арттыру бойынша ұсыныс айтты.
«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі арқылы электронды құжаттардың сотқа берілуінің тәртібі туралы нұсқаулары http://sud.gov.kz/rus/content/instrukciya-o-poryadke-podachi-v-sud-elektronnyh-dokumentov-posredstvom-elektronnogo-0 мекен-жайында орналасқан.
Call-центр анықтама қызметінің телефон нөмірі 1401 немесе +7 (7172) 71-00-00