
Мемлекеттік кірістер органдарының имиджін көтеру және оның қызметін жетілдіру мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында ең үздік PR стратегиясы атты республикалық конкурс өткізеді. Материалдарда PR стратегиясының сипаттамасы, Microsoft Power Point форматында тұсаукесерді және еркін нысанда PR стратегиясының жоспары болу керек. Бір үміткер PRkonkurs_kgd@mgd.kz электрондық мекенжайына 2018 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде ұсынылатын 1 (бір) пакеттен артық емес материалдарды табыс етеді.
PR стратегия, мыналарды да қамтуы мүмкін:
1) салықтық және кедендік әкімшілендіруді іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық пікірді қалыптастырудың жаңа тиімді әдістемесінің пайымдары;
2) бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен және блогерлермен өзара іс-қимылдың жаңа тиімді әдістемесі;
3) нысаналы аудитория үшін кең ауқымды жаппай-түсіндіру жұмыстарын өткізу бойынша тәсілдер;
4) халықтың ақпараттандырылуын арттыру есебінен мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесуге ықпал ететін жобалары;
5) сыртқы және ішкі корпоративтік коммуникацияларды дамытуға, мемлекеттік кірістер органдарының баспасөз-қызметтерін дамытуға ықпал ететін жобалар;
6) МКО қызметкерлері ішінен негізгі спикерлерді қалыптастыру бойынша пайымдар.
Ағымдағы жылғы 1-10 қараша аралығында Конкурстық комиссия конкурсқа табыс етілген қатысушылардың материалдарын қарастыратын болады және ағымдағы жылғы 12 қарашаға дейін шешім қабылдап, 3 (үш) жеңімпазды жариялайтын болады.
Жеңімпаздарды марапаттау Астана қаласындағы салтанатты жиын шеңберінде Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес жүргізілетін болады.
Сыйақыларды беру және дипломдарды табыс ету Теңге – Ұлттық валюта күні (15 қараша) кәсіби мерекесіне қарсы орайластырылатын болады.