
Қазақстан мен Қытай шекарасында 27 қыркүйекте "Нұр Жолы" (ҚР)-"Қорғас" (ҚХР) бақылау – өткізу пункті ашылды.
Ашылу жиынға облыс әкімі Амандық Баталов, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев және басқа да мемлекеттік пен жеке құрылымдардың өкілдері қатысты.
Сарапшылар атап өткендей, Шығыс пен Батыс арасында қолайлы географиялық орналасуына байланысты Қазақстанда транзиттік әлеуетті дамытуға бірегей мүмкіндігі бар. Бұл сапалы жолдар мен оларға байланысты жоғары сервис пен шекараларды кесіп өту уақыты қысқарған жағдайда мүмкін.
Осыған байланысты кеден органдарының алдында келесі міндеттер тұр:
- біріншісі-тауарларды шекара арқылы жедел өткізу;
- екінші - әлемдік сауда тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсетілген міндеттерге қол жеткізу үшін кедендік тазарту кезінде заманға сай инфрақұрылым қажет.
Ел тарихында алғаш рет аталған өткізу пункті мемлекеттік-жеке меншік әріптестік моделі бойынша жеке инвестордың қаражатына салынған және Орта Азиядағы ең ірі өткізу пункті болып табылады. Маңыздысы, оның құрылысында озық технологиялар мен инновациялық шешімдер қолданылған. Жобалау барысында қазақстандық сарапшылар ЕАЭО, Түркия, Польша, Финляндия, Мексика және АҚШ елдерінің өткізу пункттерінің инфрақұрылымдық шешімдерінің тәжірибесімен алмасты.
Сонымен қатар, жобалау барысында ЕАЭО-ның нормативтік талаптары, Әлемдік тәжірибе мен инфрақұрылымдық шешімдер ескерілді, соның арқасында кеденнен өту уақыты 30 минутты алады.
Ашылу салтанатында сөз алған ҚР Қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов жаңа өткізу пункті "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" дәлізінің басты қақпасы болып табылатынын, сонымен қатар, "Нұр жолы" ең заманауи техникалық қамтамасыз етуге ие екенін атап өтті.
Өзінің құттықтау сөзінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев «Бүгін Қазақстанның кеден қызметтері үшін тарихи күн, біз Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізде орналастырылған «Нұр Жолы» автомобилдік өткізу пунктін ашып жатырмыз, бұл тек Қазақстанның емес, бұл ортақ Еуразиялық экономикалық аймақтың қақпасы,- деді.
Жаңа өткізу пунктінің маңыздылығын Алматы облысының әкімі Амандық Баталовта айтып өтті. Бүгінгі ашылып жатқан өткізу пункті, ең жоғарғы әлемдік стандарттарға сай және күніне екі жақты 2500 көлікке дейін өткізу мүмкіндігімен транзиттік ағымды әлде қандай ұлғайтады.
Осындай үлкен сауда саттық дәліздің пайда болуы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады және өңірлік экономиканың дамуына серпінін тигізеді, -деп өзінің сөзін қорытыланды.
ҚХР СУАА Үкімет Төрағасы Закир Шохрат осы жобаның екі елдің экономикасына үлкен септігін тигізетінін атап өтті.
Екі елдің экономикасын дамыту жобасының маңыздылығын атап өтті.
Кешеннің орналасу құрылымында бір жұмыс күнінде қозғалыстың екі жағына 2,5 мың көлік құралдары мен 15 мың жеке тұлға өтуі қарастырылған, оның ішінде 2200 бірлік жүк тасымалдау көлігі, 300 бірлік жолаушы көлік транспорты (автобус пен жеңіл автокөліктер). Өткізу пунктінің аумағы екі бөлек аймаққа бөлінеді:
• жүк - көлік құралдары үшін;
• жолаушылар - жеңіл көлік құралдары мен автобустар үшін.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дәліздер (кіру/шығу), ана мен бала бөлмесі, 250 кв.м. астам күту залы, қоғамдық тамақтану объектілері, Duty free (бажсыз сауда дүкені), санитарлық бөлмелер, CIP және VIP залдары бар.
Тарихта алғаш рет қазақстандық мамандар "АСТАНА-1"кеден органдарының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған өткізу пунктінде логистиканы басқарудың автоматты жүйесін қолданған. Автоматты технологиялық шешімді іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында " адами фактор " барынша азайтылды.
"Нұр жолы" кеден бекетінің пайдалануға берілуіне байланысты аталған кеден бекетінің өткізу қабілеті 30 есеге, ал жолаушылар ағыны 18 есеге артады.
"Нұр жолы" кеден бекетінің ашылуы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруына және Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға алып келеді.