Date of publication: 23.10.2015 18:38
Date of changing: 27.10.2015 16:32

Кеден ісі саласында құқықбұзушылықтың «Алтынкөл» кедендік кеңсесінің «Жаркент» тексеру кеңсесінде 92 айғағы анықталды.

 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, қазанның 23-інде «Алтынкөл» кедендік кеңсесінің «Жаркент» тексеру кеңсесі қызметкерлерімен ҚР-на Қытай халық Республикасынан келе жатқан Т.есімді 1986 жылғы ҚР азаматы жүргізген жолаушылар автобусына техникалық тексерулер жүргізу барысында жарияланбаған тауарлар, яғни 80 дана мобильдік телефондары жүк қоймасында табылғаны туралы хабарлайды.

Бүгінгі күні осы айғақ бойынша тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр, процессуалдық шешім қабылдау үшін тауардың кедендік құны мен орын алған басқа жағдайлары анықталуда.

Бұрын, қазанның 18 мен 21 аралығында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Алтынкөл кедендік кеңсесінің қызметкерлері тексеру кеңсесі Қорғас шекара қызметкерлерімен бірлесе 45 мобильдік телефондарын контрабандалық жолмен жеткізу әрекеті үшін Қазақстанның азаматтарын ұстады.

Қазанның 18-інде Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығынан (ҚХР-нан ҚР-на) жолданған   ҚР 1982 жылғы азаматшасы ұсталынды. Жеке тексеру жүргізу барысында қалтасынан жарияланбаған 15 ұйялы телефон табылғаны анықталды.

Қазанның 21-інде 1986 жылғы Қазақстанның азаматшасында жеке тексеру жүргізу барысында 10 дана «Айфон-5S» телефондары табылды.

Сонымен қатар, Қазақстанның 1993 жылғы азаматында  жеке тексеру барысында жарияланбаған 20 дана «Айфон-6» ұйялы телефондары анықталды.

Барлығы, 1 қыркүектен бастап кеден ісі саласында құқықбұзушылықтың «Алтынкөл» кедендік кеңсесінің «Жаркент» тексеру кеңсесінде 92 айғағы анықталып, кінәлі тұлғалар  1,7 млн.теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.