
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 2018 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.М.Маминнің қатысуымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің ресми ашылуы жоспарлануда екендігін хабарлайды.
Қытай тарапының ақпаратына сәйкес «Хоргос» (ҚХР) өткізу пунктісінің ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде жабылуы жоспарлануда.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінен бастап «Алтынкөл» кеден бекетінің «Жаркент» (ҚР) – «Хоргос» (ҚХР) өткізу пункттері арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізу тоқтатылады.