
Салық сауаттылығын ашу сабағы жүргізілді
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 29 қыркүйектен бастап Талдықорған қаласының мектеп оқушылары арасында «Салық дегеніміз не?» тақырыбына салық сауаттылығын ашу сабақтарын жүргізу үстінде.
Түсіндіру жұмысы басқармасының қызметкерлері мектеп оқушыларына салықтың не екенін, не үшін қажет және не үшін оларды төлеу керек екендігі туралы түсінікті және қарапайым сөзбен айтып берді.
21.10.2015ж. Енбеқ аулысының №22 орта мектебінде Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен салық сауаттылығын ашу сабағы жүргізілді.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Алматы облысының білім басқармасына, осы бастамаға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді.