Date of publication: 20.10.2015 09:28
Date of changing: 20.10.2015 10:31

       Экологиялық тазалық жүргізілді

 

Талдықорған қаласының қоғамдық мәні бар аумақтарында тазалау бойынша бекітілген іс шаралар жоспарына сәйкес Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері он жетінші қазанда жалпықалалық экологиялық тазалық жүргізді.

Жоспар бойынша департаментке Жансүгіров көшесі бойындағы жер учаскесі бекітілді.

Тазалау барысында бекітілген аумақ қоқыс пен түскен жапырақтардан тазаланды. Барлық қоқыс техника көмегімен күш автокөліктеріне жуктелініп қала сыртындағы полигонға жеткізілді.