Date of publication: 29.08.2018 16:26
Date of changing: 29.08.2018 16:29

 

Мемлекеттік қызметте іскерлік этикет және ресми мінез-құлық қағидалары маңызды рөл атқарады. Олардың қатаң сақтау біздің іске деген байыпты қатынасымызды, демек, жоғары кәсібилікті көрсетеді.

Іскерлік этикет қағидалары барлығына бірдей және әрбір мемлекеттік қызметші дәрежесіне қарамай оны білуге міндетті.

Жалпыға ортақ іскерлік этикет қағидалары мыналардан тұрады: жұмыс уақытын тиімді және орынды қолдану, дресс-кодты сақтау, қызметкерлер арасындағы жұмыстағы қарым-қатынас, іскерлік келіссөздер, таймменеджменттің негіздерін меңгеру,әңгімелесушіге деген құрмет, телефон этикеті.

Іскерлік этикет қағидаларын сақтау мемлекеттік институттарға деген халықтың сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

 

Енбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  есеп жүргізу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі