Date of publication: 29.08.2018 09:08
Date of changing: 29.08.2018 09:13

Ел Басы «Қазақстан–2050» Стратегиясында тиімді мемлекеттік аппарат құрудың шешуші критериі  болып өте жоғары этика және кәсібилік табылатыны туралы атап өтті.

Жергілікті орындау органдарында кәсібилік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін облыс және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде әдеп жөніндегі уәкіл қызметі енгізілді.  

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысының бағыттарының бірі – қызметкерлер арасында кеңестік көмек пен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ең алдымен – бұл мемлекеттік қызмет саласында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және Этикалық кодекстегі заңнама талаптарын сақтау сұрақтары бойынша консультативтік көмек беру, қызметкерлермен заңмен белгіленген шектеу мен тыйымдарды сақтау, ұжымдағы жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларына сәйкес қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Алматы облысы бойынша МКД-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Абдуллина Енбекшіқазақ, Талғар және Іле аудандары бойынша МКБ барып қайтты. Барлық аудандарда ұжыммен кездесулер өткізіп, мемлекеттік қызметкерлердің этикалық мінез-құлқы нормаларын түсіндірді, қызметкерлер мен салық төлеушілерге  жеке қабылдау ұйымдастырды, әр қызметкермен қоғамға жат мінез-құлық көрсету жағдайларының болуына жол бермеу, қарапайымдылық таныту туралы профилактикалық әңгімелесулер өткізді.

Сонымен қатар, ұжымның моральдық-психологиялық климатын анықтау, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысындағы түрлі аспектілердегі  пікірлерін зерттеу, қызметкерлер арасында ынтасын арттыру мақсатында  сауалнама жүргізді.