Date of publication: 22.08.2018 10:48
Date of changing: 22.08.2018 11:26
«Қорғас» өткізу пунктінде ірі партия контрафактілік темекі, үялы телефондар мен дәрі заттары ұсталды.
Ұйымдастырылған топ аталған тауарларды жеке партиямен, «тасығыштар» арқылы өткізбек болған. Ұсталған тауар төсек-орын тысы мен картон корабтарына оралған. 

            Бірлескен және үйлестірілген әрекеттердің арқасында кеден мен шекара қызметкерлері контрабандистердің аңдаусызда үстінен түсті.

Нәтижесінде 575 дана Nokia үялы телефондары, акциздік маркасыз COOPER маркалы темекінің 1800 қорабы және Қазақстан Республикасына кіргізуге тиым салынған 116 келі дәрі-дәрмек ұсталды.

Қазіргі уақытта тауардың кедендік бағасы мен осыған қатысты адамдар анықталуда. Айта кетсек, кнопкалы телефондар қазақстандық мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға тиым салынғаннан кейін әйгілі болды.

Толығырақ: https://tengrinews.kz/crime/kontrabandu-telefonov-iz-90-h-presekli-na-horgose-351961/