Date of publication: 06.10.2015 12:09
Date of changing: 06.10.2015 12:10

Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес отырысы өтті

           

 

2015 жылдың 30 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментында Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес отырысы өтті.

Отырысқа департаменттың қүрылымдық бөлімдерінің басшылары, бизнес қүрылымдар, кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық бірлестік, «Нұр Отан» ХДП Алматы облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты.  

Отырысты Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменты басшысының орынбасары Т.Ошақбаев ашып, департамент қызметінің негізгі бағыттарын, «Алтынкөл» кедендік бекетінің қайта құрылуын және болжамдық көрсеткіштердің орындалуын айтып өтті.

Сонымен бірге, көлеңкелі айналымды анықтауға бағытталған бақылау-профилактиқалық шаралардың нәтижесімен таныстырды.     

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ондап қылмыстық топтардың заңсыз қызметтерінің тоқтатып, жүздеп жалған компанияларды жойып, жалған кәсіпорындардың миллиардтаған ақшалай қаражаттарына тыйым салды.

Жалған кәсіпорындарға қарсы туру мен контрагенттермен атқарылған жұмыстарымен аудит басқармасының басшысы А.Сауданбеков таныстырды.   

Мемлекеттік кірістер органдары көп жағдайларда келесі фактілерімен кездеседі, 10-12 астам фирмалар  бір мекен-жайында тіркеліп, тексеру барысында тіркелген жерлерінен табылмай кәсіпкерлік қызметін атқармайды.

Алайда, іс-тәжірибие көрсеткендей, белгіленген бір кезең өте, осындай мекемелердің қызметінде жалған кәсіпорын белгілері анықталады, кейбір уақытта расталады.

Отырыстың бір тақырыбы жалған кәсіпорындарды анықтау мен алдын-алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарына арналды.

Департаментта осындай салық төлеушілерге қарсы жасалып жатқан жұмыстармен мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы А.Ахметкалиев таныстырды.

Жыл сайын бюджеттен әртүрлі проекттерге қомақты қаржы бөлінеді, кей жағдайларда қаржы айтылған мақсаттарға пайдаланбайды.   

Экономикалық тергеу қызметімен мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі көптеген схемалар анықталады.     

Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі қылмыстарды анықтау жұмыстарының нәтижесімен бюджеттік жүйесіндегі құқық-бұзушылықты тергеу бөлімінің басшысы М.Тұрсын баяндады. 

Отырыстың аяғында қатысушылар өздерінің  сұрақтарына  құзыретті жауаптар алды.