
Талдықорған қаласының мектеп оқушылары арасында «Салық сауаттылығының фестивалі»
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылдың 1 қазаны және 1 қарашасы аралығында Талдықорған қаласының мектеп оқушылары арасында «Салық сауаттылығының фестивалі» атты байқауы өткізілетіні туралы хабарлайды.
Фестивальге қатысушыларға салық не үшін қажет және оларды не үшін төлеу керек сұрақтарына өз түсініктерін жазу тапсырылады.
Жеңімпаздар 5 номинациясы бойынша анықталады: шығарма, өлең, ертегі, видеороликтер және ең белсенді сынып.
Жұмыс автордың өз қолымен орындалуы қажет және келесіні көрсету керек: жұмыстың атауы, байқауға қатысушының аты-жөні, жасы, қысқа биографиясы, оқу орнының атауы, үйінің мекен-жайы, байланыс телефоны.
Жұмыстар 2015 жылдың 1-ші қарашасына дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, 421 каб., немесе konkurs@taxalmaty.mgd.kz электронды мекен-жайына. Анықтамалар телефоны 24-05-79, 24-35-22.