
«Салық дегеніміз не?» атты салық сауаттылығын ашу сабағы
Мектептегі партадан бастап салық мәдениетін қалыптастыру – бұл мемлекеттік кіріс органдары қызметіндегі маңызды бағыт, өйткені бүгінгі оқушылар – бұл ертенгі салық төлеушілер. Балаларымыздың ертеңгі өмірі, жалпы еліміздің болашағы олардың бүгін салықтың қаншалықты маңызды екенін түсінгеніне байланысты.
Осыған байланысты Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 29 қыркүйектен бастап Талдықорған қаласының мектеп оқушылары арасында «Салық дегеніміз не?» тақырыбына салық сауаттылығын ашу сабақтарын жүргізу үстінде.
Түсіндіру жұмысы басқармасының қызметкерлері мектеп оқушыларына салықтың не екенін, не үшін қажет және не үшін оларды төлеу керек екендігі туралы түсінікті және қарапайым сөзбен айтып берді.
Бұл тақырыптың қиындығына қарамастан жүргізілген сабақтар барысында, мектеп оқушыларының бұл сұрақты жақсы түсінетіндері көрінді. Олар сабаққа белсене қатысып сұрақтарды бірге талқылады, өздері, жиналған салықтың қайда жұмсалынатыны туралы мысалдар келтірді.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Алматы облысының білім басқармасына, осы бастамаға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді.
Талдықорған қаласының №4 орта мектебінің 7 «г» сыныбындағы сабақ
Талдықорған қаласының №2 орта мектебіндегі сабақ