Date of publication: 28.06.2018 16:44
Date of changing: 28.06.2018 16:45

27 маусымда Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Департаменттің құрылымдық бөлімшілерінің басшылары, бизнес-өкілдерінің, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің және Қорғас - Шығыс қақпасы" басқару компаниясы" АҚ-ң уәкілдері қатысты.

Отырыс барысынды күн жоспардағы барлық сұрақтар қарастырылды. 
Жаңа салық Кодексында тәуекелдер басқару жүйесі (ТБЖ) түбегейлі өзгерді.  Салықтық әкімшілендіру, оның ішінде ынталандыру және бақылау шаралары дифференциалды тәсіл негізінде құрылады. Салық төлеушілерді ынталандыру үшін ТБЖ ашық критерийлердің саның көбейту қарастырылған. 
«Тәуекелдер жүйесін басқару. Құпия ақпарат емес критерийлердің есептеу жобасы» тақырыппен Тәуекелдер және талдау басқармасының басшысы Л.Айтахунова таныстырды.

Кедендің әкімшілендіруін жетілдіруде ең маңызды болып электрондық декларациялау болып табылады. Осыған орай, халықаралық стандарттармен және озық тәжірібиеге сәйкес «Астана-1» АЖ құрылды.      

Осы жүйенің артықшылығы мен жұмысы туралы кедендік декларациялау бөлімінің басшысы Н.Баймулдинов баяндап өтті.

Өткен отырыстарда түскен сұрақтарды ескере отырып күн тәртібіне алкогольдік өнімдерді лицензиялау және акцизге қатысты өзгерістер сұрақтары қосылды. Осы тақырыппен акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Б.Жарқынбаев таныстырды.

Отырыста қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар қайтарылды.

Консультативтік кеңес отырысын аяқтай келе басшының орынбасары С.Дынбаев баяндаушыларға маңызды докладтарына алғыс айтып, қатысушыларға ризалышығын білдірді және Департаменттің қузырына кіретін сұрақтарды әр уақытта қарастыруға дайын екендігін айта отырып, Консультативтік кеңестің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға шақырды.