Date of publication: 25.06.2018 19:31
Date of changing: 25.06.2018 19:32

 «100 нақты қадам» Ұлттық жоспардың 42 қадамын орындау шеңберінде, және де Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті деңгейінде «Салық жиналуын көтеру» Жобасының 28 бастамасын жүзеге асыру мақсатында дайындық шаралары жүргізіліп жатыр, дәлірек айтқанда, «Жалпыға бірдей декларациялау» пилоты бойынша іс-шаралар Жоспары дайындалды, ондағы пилоттық алаңы Қаратал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы болып табылады.

Қаратал ауданының аумағында жалпы саны 48 411 жеке тұлға халқымен 10 ауылдық округі орналасқан. Пилоттық шараларды жүргізу үшін Балпық, Тастөбе ауылдық округтері  және Қаратал аудандық емханасы таңдалды.

Жалпыға бірдей декларациялауға ауысуына байланысты тұрғындардың дайындығы мен ақпараттандырылған деңгейін анықтау үшін Қаратал аудандық емханасының қызметкерлеріне декларацияның 250,00 нысанын толтыру тәртібі түсіндіріліп, сауалнама жүргізілді, оның нәтижесінде, 250,00 нысанының декларациясын өзіндік толтыру қолжетімді және түсінікті екені (300 адамның 208-і оң жауап немесе 69,3%) анықталды.

Қазіргі таңда, облыс пен аудан деңгейінде Жұмыс топтары құрастырылып, оның ішіне уәкілетті органдардың өкілдері кірді, уәкілетті органдардың мәліметтерін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізу үшін Жол картасы бекітілді.

Осы шараларды жүргізу барысында іс-қимылдардың алгоритіміне сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының негізгі мақсаты – жеке тұлғалар бөлінісінде қателіктерді анықтау және оларды уәкілетті органдарға – Әділет Департаментінің және Жер кадарстрінің және жылжымайтын мүліктің техникалық зерттеу Департаментінің аумақтық бөлімшелеріне, оларды жою мақсатында  жеткізу болып табылады. 

2 пилоттық ауылдық округтері бойынша 1937 мәлімет тексерілді, оның ішінде 248 жеке тұлға бойынша қателік анықталды.

Анықталған қателіктерді уақытында жою мақсатында облыстық және аудандық деңгейде анықталған қателіктерді нақтылап оларды жою және алдыңғы уақытта болдымауға бірлесіп шешу жолдарын іздеу мақсатында уәкілетті органдармен кездесулер мен мәжілістер жүргізілуде.